Абай — 175

Жатқа оқып жарысуда

Биыл 20-30 сәуір аралығында @assembly_aktobe инстаграм парақшасында өзге ұлт өкілдері арасында Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқудан облыстық онлайн-байқау ұйымдастырылуда.
Ұлы ақынның 175 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған онлайн-байқауға бүгінде облыс бойынша өзге ұлт өкілдері белсене қатысуда.

Байқаудың шартына сәйкес, қатысушылар «Көркемсөз» номинациясы бойынша Абайдың бір өлеңін, ал «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойыншабір қарасөзін жатқа оқып, бейнежазбаға түсіріп, жіберуі керек. Өлеңнің ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс.
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрхан Ағниязовтың айтуынша, байқауға қатысушылар жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: мектеп оқушылары, студенттер және жасы 25-тен жоғары өзге ұлт өкілдері.

Жылдың басында облыс көлемінде өзге ұлт өкілдері арасында Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқудан байқау өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Байқаудың мақсаты —өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін, оның ішінде Абайдың шығармаларын кеңінен насихаттау. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бүгінгі күні бұл байқауды онлайн форматта инстаграм парақшасы арқылы өткізіп жатырмыз. Бүгінге дейін байқауға қатысуға 80-ге жуық өзге ұлт өкілі өтініш беріп, қазір өздерінің бейнежазбаларын жіберіп жатыр, — дейді Н.Ағниязов.

Айта кету керек, онлайн-байқауға қатысатын өзге ұлт өкілдері алдымен өз өтініштерін kogamdykaktobe@mail.ru электрондық поштасына немесе 8-701-241-36-26, 8-775-880-66-64 WhatsApp желісіне жіберуіне болады.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button