Денсаулық

Он адам індеттен толық жазылды!

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқасынан айыққандар саны да көбейіп келеді. Кеше коронавирус жұқтырған екі науқас толық жазылып, үйіне жіберілді. Жалпы облыста індет жұқтырғандардың саны 27 адам болса, емделіп шыққандардың саны – 10.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев тұрғындар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.

  • Жағдай тұрақты болғанымен, сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Тұрғындарға тағы да ескертемін, себепсіз үйден шықпаңыздар, –деді басқарма басшысы.

Қазіргі күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 25 адам жатыр. Провизорлық госпитальде жұқпалы вирустық инфекция белгілері бар 59 адам болса, облыстың карантин госпиталіне 227 адам жатқызылды. 1022 адам үй карантиніне алынды. Ал эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз мемлекеттерден және еліміздің басқа аймақтарынан келген 383 адам қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда. Барлық эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық жұмыстар уақытында жүргізіліп жатыр. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары аймақтағы ахуалды толық бақылап отыр.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button