Рухани жаңғыру

Біз бағындырған белестер

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы біздің өрке­ниетті елдердің қатарынан көріну үшін, ең алдымен, ұлтты­қ құнды­лықтарымызға мән беру керектігін «үйретті».

Осы бағдарлама аясында облыстағы әр мекеме жұмыс жоспарына сәйкес еңбек етіп, бүгінде нақты нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, қазақ елінің мәдениетін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымынан түлеп ұшқан жас талант Димаш Құдайберген қазір күллі әлемге кеңінен насихаттап жүр. Сондай-ақ облыстық филармония бұрын болмаған жаңа жобаларын ұсынып, үздіксіз жұмыс жасаудың арқасында оларды Ақтөбенің брендіне айналдырып үлгерді. Бұл жобалардың басты мақсаты — жас дарындардың бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, дәстүрлі ән мен күйді насихаттау, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, өнер арқылы ізгілік пен адамгершілікке баулу, ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.

Бұған дейін өңірімізде өткізілген облыстық «Ұлы дала мұрасы», «Жібек жолы»,«Жан серігім — домбыра» республикалық байқаулары мен «Жұбановтар әуені» фестиваль-байқауы түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосып,өңірдегі мәдениеттің дамуына ерекше серпін берді. Сондай-ақ Брюссельдегі «Бозағ» өнер орталығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Əзірбайжан, Ауғанстан елдерінің Бельгиядағы елшіліктерінің бірігіп, Наурыз мерекесін атап өтуі, оған Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент пен ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ ұйымдарының өкілдері мен дипломаттарының қатысуы,облыстық филармонияның А.Жұбанов атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен «Аққу» би ансамблі өнерпаздарының концерт беруі — біз үшін үлкен жетістік.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  шетелдерге барып, өнерпаздарымыз өздерінің өнерлерін әлемге паш етті. Атап айтсақ, Қазақ камералық хоры Украинаның Одесса қаласында өткен «Южная Пальмира» атты 24-ші халықаралық хорлар мен вокалдық ұжымдар арасындағы байқауда Бас жүлде, «Джаз музыка» және «Халық музыкасы» номинациялары бойынша 1-орынды иеленді. Байқауға Украина, Белоруссия, Польша, Италия, Болгария, Армения жəнеМолдавияданкелген 20-дан астамвокалдыансамбльқатысты.

Үш жылда үздіксіз еткен еңбектің нәтижесінде бүгінде аталған бағдарлама аясында облыстық филармония ұжымы талай белесті бағындырды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Елубай КЕНЖАЛИЕВ,

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button