Басты жаңалықтар

Талап күшейтілді. Ескерту берілмейді, бірден шара қолданылады

Тікелей эфир

Карантин режимі күшейтіліп, талап қатайтылды. Сондықтан енді нақты себепсіз, арнайы берілген анықтамасыз көше кезіп жүрген тұрғынға ескерту берілмейді. Бірден жауапқа тартылатын болады. Тәртіп бұзған адам айыппұл төлейді, болмаса қамауға алынады. Бұл туралы және  өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында жексенбі күні өткен «Індет пен міндет» бағдарламасында айтты. Тікелей эфирде @Aqtobe_press инстаграм парақшасы арқылы қойылған сауалдарға да жауап берілді.

  • Бүгін — аптаның соңғы күні. Осы аптадағы жағдай күрделі болды, — деді Нұржауған Қалауов.

Қазірбарлықстационарда 373 адам бар. Оның 93-і аудандардағыстационарлардаорналасқан. Жалпыіндетжұққызған 27 жағдайтіркелді. Оның 11-і — сырттанкелгенадамдар, 16-сы — солнауқастарментікелейбайланыстаболғаназаматтар. Қазір 1 науқастыңжағдайыауырлау, 1-еуінің жағдайы — орташа. Қалғандарықалыпты. Бүгінде 8 науқасжазылыпшықты. Стационарда 19 науқас ем алыпжатыр. Оның 4-еуі басқаөңірлердіңадамдары.

ҚанатӘлиевіндет бұдан әрі өрши түспеуі үшін карантин режимі күшейтіліп, қатаң шектеушаралары қолданылатынын нықтап айтты.

  • Тікелей эфирді пайдаланып, халыққа ескерту шаралары болмайтындығын жеткізгім келеді. Талап қатайтылды. Енді талапты бұзғандарға бірден айыппұл салынады немесе олар қамауға алынатын болады. Әлгінде ғана спорт алаңында жүрген оншақты жасты ұстадық. Бұл да карантин талабын бұзушылық. Қаулыда топтасып жүруге тыйым салынған. Сондай-ақ аталған құжатта кәмелетке толмағандар ата-анасы немесе заңды өкілінсіз көшеде жүруіне болмайтыны жазылған. Мұндай жағдай да көп. Күні кеше ғана 20-дан астам кәмелетке толмағандарды ұстадық. Олар ішкі істер бөлімінің есебіне алынады. Бұл — бір. Екіншіден, ата-аналары да жауапқа тартылады, — деді Қанат Әлиев.

Отбасының бір адамына үш күнде бір рет, тіпті, аптасына бір рет үйіне жақын маңдағы дүкенге, супермаркетке баруға рұқсат етіледі.

  • Қажет болса, адамның қайда барғанын, үйінен неше рет шыққанын анықтайтын боламыз, — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан «саяжайға баруға бола ма» деген сұрақ түсті.

Індетауатамшыларыарқылы да таралуымүмкін. Солсебептіөзгеге де, өзіне де қауіптөндірмеуіүшінадамдарсақтануыкерек. Бастымәселе — адамденсаулығына, оныңөмірқауіпсіздігінебайланысты. Сол себепті саяжайға да баруға болмайды.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ақтөбе қаласының көшелерінде «курьерлік қызмет жасаймыз» деп жүрген адамдардың көптігін айтады.

  • Олар дәмхана, мейрамханалардың анықтама қағазын ұстап алып, ел кезіп жүреді. Бұл — дұрыс емес. Енді анықтамамен бірге курьерде курьерлік қызмет етуші мен дәмхана, мейрамхана иесінің келісімшарты болуы тиіс. Бір анықтама ешнәрсе шешпейді. Сондай-ақ анықтама беретін мекеме де жауапкершілікті сезінуі тиіс, — деді Қанат Әлиев.

Тікелей эфир барысында тұрғындардан «Тәртіп қатаң емес. Сол себепті халық көшеде толып жүр» деген мазмұндағы шағымдар да түсті.

Облыста Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша 619 әкімшілік хаттама толтырылған. Соның 400-ден астамы сәуірдің 6-сынан бастап толтырылыпты. 150 адам қамауға алынған. Айыппұл салынғандардың үлесі — 200-ден астам адам.

Тұрғындардарды вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың да жағдайы алаңдатады.

  • Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың бірінші тобы сәуірдің 22-сі күні келеді. Олар — Атырау облысында «Теңізшевройл» компаниясында еңбек етіп жатқандар. Жалпы аталған өндіріс орнында 2 мыңға жуық ақтөбелік жұмыс жасайды. Олардың кезең-кезеңмен пойызбен келуін ұйымдастыруды қолға алдық. Араға 2-3 күн салып, 4 кезеңде 500 адамнан келеді. «Құлсары-Ақтөбе» бағытындағы пойыздағы вагон саны —15. Пойыз жолда ешқандай станцияға тоқтамайды, — деді Нұржауған Қалауов.

Ол өз сөзінде азық-түлік қорының екі айға жететіндігін, өнім өндіретін кәсіпорындар үзіліссіз жұмыс жасап жатқанын, сол себепті алаңдауға негіз жоқтығын айтты.

  • Індетке шалдыққандардың тіркелуі бақылау болмағандықтан немесе басқа да себептен емес, өмір болғандықтан қозғалыс болады. Ақтөбе — тоғыз жолдың торабында орналасқан өңір. Ақтөбе арқылы республикалық маңызға ие жолдармен күн сайын 3,5 мыңға жуық көлік жүреді. Оның 1500-і — жүк көліктері. Бес облыспен шектесеміз. Облыс аумағы Ресейдің қалаларымен де шектесіп жатыр. Әлімбет және Жайсаң шекара бекеттері бар. Олар арқылы күн сайын 50-60 адам өтеді.

Өткен аптада 190-ға жуық қазақстандық студентті қабылдадық. Тек Ақтөбе ғана емес, еліміздің барлық қалалары да қабылдап жатыр. Алдағы аптада Мәскеуде оқып жатқан 250-ге жуық студентті қабылдаймыз. Оның алтауы ғана ақтөбелік. Қалғаны өзге облыстардың жастары. Мұның бәріне түсіністік танытқанымыз жөн.

Халықтың оқшаулануға көшкендері дұрыс. Баласын арбаға салып алып, қаншама ата-ана көшеде қамсыз жүр. Олардың сол демалған ойын алаңдарынан инфекция жұқтырып алмасына ешкім кепіл бола алмайды. Сондықтан әр тұрғын қоғам алдындағы жауапкершілікті түсінуі керек, — деді Нұржауған Қалауов.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button