Әдебиет

Сөнбес шырақ

Оқу марафоны

Биыл еліміз халық ақыны, айтыскер әрі эпик, жыршы-жырау Н.Байғаниннің 160 жылдығын атап өтеді.

Ақынның мұрасын насихаттаудағы алғашқы шара жыл басында «Мәңгі сөнбес жарқыраған шырақтай» атты әдеби кешпен басталды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың әдеби мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонына биыл халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің  шығармалары таңдалып алынды. Оқу марафоны ақынның туған жері Темір ауданынан басталды. Биылғы жылдың ақпан-қазан айларында  ізгі шара облыстың барлық  аудандарында жалғасады.

Сондай-ақ биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында түрлі жобалар дайындалып, байқаулар мен іс-шаралар өткізілуде.

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы салт-дәстүр, ұлттық дүниетаным негіздерін басшылыққа ала отырып, тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бағытталған түрлі әдеби-танымдық кездесулер, рухани кештерді ұйымдастыру жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Сұлушаш  ХАКИМОВА,

Н.Байғанин атындағы облыстық

балалар кітапханасының директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button