Ауыл

Көшелер жөнделіп, кешен салынып жатыр

Аудан

Байғанин ауданында төтенше жағдайға қарамастан құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

Дәл қазір аудан орталығы Қарауылкелді ауылында екі көшеге күрделі жөндеу жүргізу басталып кетті. Олар — Барақ батыр көшесінен Ақтөбе-Атырау тас жолына дейінгі автомобиль жолы (тротуарымен қоса) және С.Ешпаев көшесінен Асау батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолы. Бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтау жыл соңына жоспарланып отыр. Мердігер мекеме — «Мерей и К» ЖШС.

Сондай-ақ былтыр құрылысы басталған денешынықтыру сауықтыру кешенінің де жұмысы қайта жанданды. Құрылысқа жауапты — «SAQ Group» мердігер компаниясы. Жоспарға сәйкес, спорт ғимаратыныңқұрылысы да жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Аудан орталығында көшелерді жарықтандыру жұмыстарыда жүргізіліп жатыр. Биыл Барақ батыр –Бармақ батыр көшелерінің аралығы және Бармақ батыр көшесі жарықпен толық қамтылатын болады.

Компания жұмысшыларына төтенше жағдайға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Санитарлық барлық талаптар сақталды.

Құрылыс материалдарын ауданға тасымалдауда да ешқандай кедергі, қиындық жоқ. Арнайы рұқсат қағаздары бар, — дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Қайратұлы.

Жалпы биыл ауданда 3 көшені жарықтандыру, 7 көше жолын асфальттау жоспарланған,

Ернұр МАТЖАН,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button