Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы өңірдегі ахуал туралы сұрады

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында облыс әкімі Мемлекет басшысына облыстағы індетпен күрестегі шаралар барысын және аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап берді. Сондай-ақ облыс әкімі карантин кезіндегі өңірдегі жүргізіліп жатқан көктемгі дала жұмыстарын, «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында орта және шағын кәсіпкерлікке жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жайында айтып берді. Сонымен қатар Президент облыста әлеуметтік осал топтарға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылай көмек түрлерінен, өңір тұрғындарына жасалған  коммуналдық жеңілдіктерден хабардар болды. Оңдасын Оразалин облыста жергілікті демеушілердің тарапынан да қайырымдылық шаралары жасалып жатқанын атап өтті.

Телефон арқылы болған сұхбаттың соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне төтенше жағдай кезінде нақты шаралар қабылдап, өңірдегі ахуалды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button