Басты жаңалықтар

Қоғамдық көлік қызметін бақылады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов және осы департамент жанынан құрылған комиссия мүшелерімен бірге жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемеге барды.

Қазір карантин кезінде автобустардың қызмет көрсету уақыты таңертеңгі сағат 7.00-9.00, түскі сағат 12.00-14.00, кешкі сағат 18.00-21.00аралығында белгіленген.

«Автопарк» ЖШС-ның өкілдері облыс әкіміне қоғамдық көліктердіңарнайы уақытпен емес, күні бойы жүруі керектігі жөнінде ұсыныс жасады.

Олардың айтуларынша, бұл азаматтардың топтасып мінуін азайтуға, жолаушылар тасымалында арақашықтықтың ережеге сәйкес сақталуына септігін тигізеді.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған ұсыныс өңірлік штаб отырысында қаралатындығын айтып, қала әкіміне осы және өзге де мәселелерді жіті қадағалауды,  қоғамдық көліктердегі санитарлық ережелердің қатаң сақталуын тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button