Ресми

Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемін бекіту туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемі бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе облысының әкімі О.ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button