Жаңалықтар

Ассамблея өкілдері медициналық бетперде тігуде

 Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдері «BizBirgemiz»  акциясы аясында 200-ден астам медициналық бетперде тігіп шықты.

Этнос өкілдерінің айтуынша, бірнеше реттік пайдалануға жарайтын арнайы бетперделерді шаһардағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, зейнет жасындағы қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін арнайы әлеуметтік пакеттермен бірге тарататын болады. Сонымен қатар қаламыздағы медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында олар мұндай бетперде түрлерін емханаларға да апарып, таратпақ ниетте.

  • Елімізде болып жатқан бұл жағдайға біз де бейқам қарап отыра алмадық. Бәріміз Достық үйінің ғимаратына жиналып, біріміз тігін машинамызды, ал біріміз бетперде тігуге арналған маталарымызды алып келіп, жұмысымызды бастап кеттік. Бәріміз бір жұдырық болып біріккенде ғана бұл індетті жеңеміз деп сенеміз. Тек көрсетілген санитарлық талаптарды сақтасақ болғаны. Біздің күш-қуатымыз  —  бірлікте!, — дейді этномәдени бірлестік өкілдері.

Ассамблея өкілдері тағы мыңнан астам медициналық бетперде тігіп, халыққа таратуды жоспарлап отыр.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button