Әлеумет

Облыс әкімінің сыйлығын алған сәби

Жуырда облыс әкімі өз қорынан 22 наурыз күні дүниеге нәресте әкелген аналарға деп облыстық адам репродукциясы және перинаталдық орталыққа 5 миллион теңге бөлген еді. Әр анаға 100 мың теңгеден беруді ұйғарған-ды. Ойылда осы бақытқа бір-ақ ана ие болды.

Ол – Саралжын селолық округі Ақкемер ауылының тұрғыны Нұрсұлу Меңдіғалиева. Ақкөркем деп атын қойған отбасының тұңғышы дәрігер-гинеколог Роза Ғаббасованың айтуынша, наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні сағат төртте «шыр етіп» дүниеге келіпті.

Өткен бейсенбіде облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың құттықтау хаты мен 100 мың теңге сыйақысын аудан әкімі Қанатбай Елеусізұлы арнайы тапсырды. «Нәрестенің бауы берік болсын!» – деген әкім сәбидің елдің елеулі азаматы болуына тілектестігін білдірді.

Р.S. Ал дәрігерлер 2950 грамм салмақпен өмірге келген сәбидің денсаулығы жақсы екенін айтады. Аурухана ашылғалы ауданда 58 нәресте өмірге келді.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button