Білім

Колледж: нұсқау мен қадағалау

Қашықтан оқу

Күллі елді дүрліктірген коронавирус кеселі білім беру саласына әсер етіп,оқыту жүйесін өзгертуге мәжбүрледі. Қазіргі кезде республикада, облыста барлық оқу ошақтары қашықтан оқу жүйесіне көшірілді.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры Жеңіскүл Мұхамбетпайызованың айтуынша,  елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде колледж оқушылары топ жетекшісінің жіті қадағалауымен, үйлеріне қайтар алдында, әрбір пән оқытушысынан 16 наурыз бен 6 сәуір аралығындағы оқу материалдарымен «қағаз түрінде» қамтамасыз етілді. Сонымен қатар оқу процесі мессенджер арқылы (ватсап, телеграм-канал, ZOOM) жүргізілетіні  ескертіліп, барлығына нұсқамалық таныстыру жүргізілді.

  • Келесі кезеңде EduPage бағдарламасы арқылы пән оқытушылары 100% пәндік оқу материалдарын платформаға жүктеді. Осы істің алғашқы кезеңінің бірі ретінде, барлық оқытушылар мен оқушыларға жеке логин ашылып, пароль берілген болатын. Осы пароль арқылы кез келген оқытушы және студент ақпараттық порталға кіріп, тиісті материалдармен, ақпаратпен танысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Оқу бөлімі тарапынан оқу кестесі құрылып, платформаға енгізілді. Кесте арқылы, тиісті топтарда, тиісті пәндер қашықтан сабақ жүргізе бастады. Бұл оқу үрдісіне оқытушылар да, оқушылар мен  ата-аналар да жоғары жауапкершілікпен атсалысты. Оқу процесі пән бойынша бейнесабақтар, мультимедиялық, телевизиялық дәріс, презентация, өзіндік жұмыс және тестілеу әдістерімен ұйымдастырылды. Оқушылармен кері байланыс, оқытушының оқу тапсырмасын түсіндіргеннен кейін, тікелей байланысы немесе ватсап, телеграм-канал желісі арқылы іске асырыла бастады. Қашықтан оқыту үрдісінің сапалы орындалуын, оның талапқа сай іске асырылуын колледж әкімшілігі күнбе-күн бақылап отыр. Оқу процесінен өзге, тәрбиелік, әлеуметтік, мәдени, әдеби шаралар да оқу орнының  деңгейінде қашықтан жүргізіліп жатыр. Мысалы, колледж психологтері онлайн арқылы оқытушылармен, студенттермен жоспарлы тренингтерін, семинарларын қызықты, өзгеше өткізуге жұмыстанса, кітапхана қызметкерлері қашықтан оқушы жастарға, кітап қорынан, әдебиеттер ақпараттап, онлайн-таныстыру, түрлі тұлғаларды презентациялау арқылы түрлі кеңестер беруде, — дейді коллед директоры.

Оқу орны басшысының айтуынша, колледждегі жастар ісі жөніндегі комитет те өз тарапынан оқушылармен жеке және топтық түрде мәдени-әдеби жұмыстарын жалғастырып жатыр. Колледж медбикесі де әр топ бойынша жеке-жеке байланысқа шығып, тазалық, сақтық шараларын насихаттап, алдыналу жұмыстарымен таныстырып, бейнеролик және тікелей эфир арқылы қашықтан ақпараттық-танымдық жұмыстарын жүргізіп отыр. Тәрбие ісі жұмысының ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы да кесте бойынша өткізіліп тұрады екен.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button