Мәдениет

Концерт ұсынды, кітаппен таныстырды

Елдегі жағдайға байланысты сәуір айынан бастап Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз жұмысын онлайн түрде атқарып жатыр. Мәселен, аудандық Мәдениет үйі онлайн нұсқада бірнеше концерт ұйымдастыруды жоспарласа, кітапхана ұжымы да өз шараларын қашықтан өткізуді бастап кеткен.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Төлегенқызының айтуынша, күні бүгінге дейін қобдалық өнерпаздар онлайн-концерттің үшеуін өткізіп үлгерген. 10 сәуір күні халықтық «Айқаракөз» ансамблі «Аман бол, халқым» атты онлайн-концертін берсе, 11 сәуір күні Досжановтар әулеті «Көктем шуағы» атты ән шашуын ұсынды. Ал 12 сәуір күні жас әнші Әбжан Нұржан @aqtobe_madeniet, @aktobe_ocntпарақшаларында «Туған жер — Қобдам» атты онлайнкешін өткізді.

Сәуір айында 10-ға жуық онлайн-концерт ұйымдастыру жоспарланған. Бұл концерттердің ерекшілігі — оны кез келген тұрғын тікелей эфирден бөлек әлеуметтік желідегі парақшаларымыз арқылы тамашалай алады. Концерт туралы толық ақпаратты Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің @hobdaculture @kobda_madeniet инстаграм парақшасынан қарап біле алады, — дейді бөлім басшысы.

Ауданның мәдениетіне жауапты бөлім кітапхананың жас оқырмандарын да назардан тыс қалдырмаған. 6-10 сәуір аралығында @detbiblkobda парақшасында Халықаралық балалар кітабы күнінің апталығы өткізіліп, оның аясында түрлі байқаулар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда қобдалық оқырмандар#БолашаққаКітаппенБіргеКемелденеміз#ҮйдеОтырыпКітапОқимыз атты челленджге біркісідей атсалысуда.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button