Ауыл

Ойылдық үлгі

Ойыл ауданының бірқатар ауылдарында селолық округтері әкімдерінің мал азығы қоры жасалуда

Өткен аптада Ойыл ауданы әкімдігінде кеңес өтіп, мал азығын дайындаудың барысы қорытындыланды. Оған облыстық әкімдіктің шаруашылық басқармасының бастығы Серік Ботағарин арнайы барып қатысты. Ол облыстық әкімдіктен Ойыл ауданы бойынша мал азығын дайындауға байланысты жауапты өкіл боп тағайындалған еді.

Күні кеше түстен кейін облыстық әкімдіктің жанындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі штабтың отырысының күн тәртібінде мал азығын дайындаудың да мәселесі қаралды, — деп хабарлады Серік Ботағарин. — Содан шыққан бойда мен Сіздерге аймақ басшысы Елеусін Наурызбайұлының барлық проблемалардың шешілетіні туралы айтқан тілегін жеткізуге келдім. Биліктің тарапынан қиындықтарды жеңу үшін жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Кеңесте барлық жеті селолық округтердің әкімдерінің және ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының есебі тыңдалды. Аудан әкімі Мұхтар Жұмағазиев атап көрсеткендей, олар өздеріне жеткілікті пішен дайындап қойған жоқ, бір бөлек артығын ауданнан сырт жерге сатты. Сонымен бірге пішенмен аз қамтылған отбасыларының қосалқы шаруашылықтары 100 пайыз қамтамасыз етілді.

— Бұл туралы өзінің халыққа арнаған үндеуінде облыс әкімі Елеусін Сағындықов айтқан еді деп хабарлады аудан әкімі Мұхтар Жұмағазиев.— Аудан бойынша біз жәрдем қажетсінетін 105 отбасын есепке алғанбыз.Іс жүзінде 130 ауланы тегін пішенмен қамтамасыз еттік. Мұнымен іс бітті деп отырғанымыз жоқ. Алдағы Қарттар күні олардың үй шаруашылығын дамытуына қосымша көмек көрсетеміз.

Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, Ойылда ірі қараның санының өсуі байқалады. Тұтастай алғанда 62 мың бас мал қысқа түседі. Оған 120 мың тонна пішен қажет.

— Бүгінгі күнге Ойыл ауданының ауыл шаруашылық қызметкерлері 145 мың тонна пішен дайындады, бұл жоспардың 120 пайызын құрайды, — деді аудан әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин. — Іс жүзінде пішен жеке аулалардың барлығына түсіп болды. Сондай-ақ 15 мың тонна пішеннің ауданнан тыс жерлерге сатылғанын да айта кеткен жөн. Оның 5 мың тоннасы Атырау, 3,5 мың тоннасы Батыс Қазақстан облыстарына сатылды. 1,5 мың тонна пішенді Қобда ауданының фермерлері сатып алды. Ақтөбеге 5 мың тонна пішен өткізілді.

Мал азығын дайындау науқаны бойына пішеннің әр тоннасы 15-16 мың теңгеден асқан жоқ. Ал Қайыңды, Саралжын сияқты бірқатар селолық округтерде бос шөптің бағасы 7-8 мың теңгенің арасында болды.

Мұнымен бірге, ауданда тұрғындарды мал азығындық жеммен қамтамасыз ету белсенді жүргізілуде. Жемге деген Ойыл ауданының қажеттілігі —800 тонна. Оның бір бөлігі «Азық-түлік корпорациясы» жүйесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілді.  Енді бір бөлігі өзіміздің Қарғалы ауданының «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сатып алынды. Жергілікті кәсіпкерлер де жеке аулаларды аралап және жергілікті базарларға тауар ретінде түсіріп жем сатуды бастады.

— Жергілікті мал азығын дайындаушылардың арқасында біз жоспарды асыра орындадық және облыс әкімінің сыйлығына ие болдық, — деп мәлімдеді Мавр Абдуллин. — Осыған байланысты фермерлерді өздерінің кәсіптік мерекелерінде ынталандыру көзделіп отыр.Жалпы ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз. Біздің байқауымызша, мал басын қысқартқалы отырған ешкім жоқ.

Мұнан кейін селолық округтердің әкімдері істің жағдайы туралы есеп берді. Мәселен, Ойыл селолық округінің әкімі Еркін Жиеналин аз қамтылған отбасыларының аулаларын пішенмен қамтуда жергілікті шаруа қожалықтары басшыларының  үлкен азаматтық көрсеткенін атап айтты.

— Осындай фермерлер, Ұлан Шыңбаев, Раушан Исмағұлов, Билял Галиакпаров және басқалары аз қамтылған отбасыларына  демеушілік көрсетті. Ғазиз Займолдин бірнеше отбасын өз қамқорлығына алды, — деді Еркін Жиеналин.

Қайыңды селолық округінің әкімі Есболай Бекіровтің жаңашылдықпен жұмыс істеу әдісі залда үлкен қолдауға ие болды.Оның мәліметі бойынша, қысқа қажетті 9 мың тонна пішеннің орнына округте 11 мың тонна пішен дайындалған. Мал азығын дайындауға барлық техника қатыстырылып, округтің бүкіл тұрғындары қол ұшын берген.

— Ең арзан пішен бізде, — деп хабарлады Есболай Бекіров. — Қазірде сақтық жем құйып жатырмыз. Жергілікті шаруа қожалықтарының арқасында 12 отбасы тегін пішен түсірді.

— Мұнан басқа, біз әрқайсысы 2 тоннадан 15 тіркеме пішенді сақтық қоры ретінде үйіп қойдық. Ол селолық округ әкімінің қоры болып саналады, — деп мәлімдеді Қайыңды селолық округінің әкімі.

— Ендігі жерде бұл қысқа қор жасаудың Ойылдық үлгісі деп аталатын болады, — деп қорытындылады облыстық әкімдіктің шаруашылық басқармасының бастығы Серік Ботағарин.

Абат ҚАРАТАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button