Ауыл

Блок-бекетке көмек көрсетті

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Байғанин ауданының азаматтары індеттің алдын алу мақсатында көмек көрсетіп жатыр.

Жеке кәсіпкер Сұңқар Ибраев аудандық әкімдікке 100 литр көлемінде антисептик алып берді.

Сондай-ақ Ащы ауылдық округі аумағында орналасқан «EcoOilTrade» ЖШС басшысы Нұрлан Сүлейменов Ақтөбе-Атырау тасжолының 300-шақырымындағы, яғни Қопа ауылдық округі мен Атырау облысының шекарасы маңындағы блок-бекетке дезинфекциялық құралдарды жеткізіп берді.

Аудандағы еріктілер де белсенді жұмыс жасауда. «The Leaders» еріктілер тобы үй-үйді аралап жүріп, 100 дана бетперде таратты. Сонымен қатар олар аудан орталығының көшелерінде жүрген тұрғындарға да осынша бетперде үлестірді.

Г. БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button