Ауыл

Ауыл жастары ыстық тамақ таратты

Қазір аудан арқылы өтетін көліктер қатаң бақыланады. Қарабұтақ-Қостанай тас жолының, яғни Тереңсай ауылының маңына блок-бекет қойылған. Бұл жерде тиісті мамандар күні-түні жұмыс жасап жатыр. Осы ретте ауданның Сұлукөл ауылының жастары «Біз біргеміз!» акциясына үлес қосып, үйден ыстық тамақ жасап, арнайы қолғап пен медициналық бетперделерді тігіп, жұмыс жасап жатқан мамандарға жіберді.

-Блок-бекетте тұрған мамандардың еңбегі зор. Олар демалыссыз жұмыс жасап жатыр. Ауыл жастары індеттің алдын алуға өз үлестерін қосуды ойлады. Бірлесіп, ынтымақтастықта көмек көрсетуге тырысты. Жастардың ұйымшылдығына риза болдық. Бірлік бар жерде берекенің болары анық. Сондықтан көмек қолын созған жастарға алғыс айтамыз, -деді Сұлукөл ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Смағұлов.
Жалпы ауданда індеттің алдын алу жұмыстары тиянақты түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекция жұмыстары жасалуда.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Әйтеке би ауданы

Басқа жаңалықтар

Back to top button