Басты жаңалықтарЭкономика

Облыста жергілікті өнімдердің  бағасы тұрақты

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар 19 өнімге, яғни бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын нан, қарақұмық, күріш, өсімдік майы, сиыр еті, жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз, қант, айран-сүт, сүзбеге бекітілген азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылау мақсатында Ақтөбе қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Облыс басшысы алдымен «Жаңа Әлжан ұн зауыты» ЖШС-ның ұн және макарон өнімдері қорын тексерді. Жылына 110 мың тонна ұн, 7,2 мың тонна макарон өндіретін кәсіпорында қазір жағдай тұрақты.

Зауыт басшысы Бекнұр Беисовтың айтуынша, келесі егістік маусымына дейін бидай қоры  жеткілікті, сондықтан бағаны көтеруге еш негіз жоқ. Қазірмұндакүніне 500 тонна азықшығарылуда.

Облыстағы «Ақтөбе Фудс», «RokosGroupGlobal» кәсіпорындары да 24 сағатжұмысжасайды. Өсімдікмайының 13 түрінөндіретін «Ақтөбе Фудс» ЖШС жылына 40 000 тонна өнімшығарады. Ал шұжықөңдеуші «RokosGroupGlobal» ЖШС-ның қоры 1300 тонна құсетіментолыққан. Алдағыекі айбойыоблыснарығынқамтуғатолық мүмкіндігі бар. Аталғанмекемелердіңбасшыларыоблысәкімінеөнімбағаларыныңкөтерілмейтіндігінеуәдеберді.

Бұдансоңөңірбасшысы «АгроОптСервис» ЖШС көтермебазарындажәне «Айбек» ауылдықтұтынукооперативініңетконсервіцехындаболды. Базар басшысыБекболатБиболатовазық-түліктіңжеткіліктіекенінайтты. Саудаорталығыныңқорында 400 тонна картоп, 130 тонна сәбіз, 180  тонна қырыққабат, 300 тонна пияз бар. Мұндағы сатушылар әр тауардың үстінен көтерме бағадан 5-10 теңге ғана қосып сатуда. «Айбек» ауылдық тұтыну кооперативі цехында консервілік, шұжық және жартылай фабрикаттар бөлімдері бар. Мұнда жылына 4680 тонна консерві, 1500 тонна шұжық өнімі, 300 тонна жартылай фабрикат шығарылады.

Кооперативтің мал сою алаңына аудандардан күніне 50 бас жеткізіліп, сойылады. Өнімдері облысты ғана қамтып қоймай, Ресейге де жеткізіледі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Айс Плюс»сүтті қайта өңдеу зауыты, «Пригородный» ЖШС, көкөністерді өндіру және сақтау қоймасының, сондай-ақ «Атамекен-Нан» ЖШС жұмыстарымен танысты.

«Айс Плюс» ЖШС күніне 35 тонна сүт өнімін үздіксіз өндіруде. 2015 жылдан бері бірқалыпты бағаны ұстанып тұрғандығын жеткізген зауыт басшысы Қуаныш Есжанов наурыз айының басында бағада құбылу болғандығын жасырмады. Оған себеп, өнімдердің қорабы Ресей Федерациясынан келетін болғандықтан, тауар сыртын көрші ел қымбаттатқан. Дегенмен әлеуметтік маңызы бар өнімнің үш түрінде баға өзгермеген. Ал «Пригородный» ЖШС-ында көкөніс қоры жеткілікті. Қойма жылына 5000 тонна өнім сақтауға қауқарлы. Алдағы уақытта серіктестік сақтау орындарының көлемін екі есеге дейін ұлғайтуды жоспарлауда.

Күніне 11-15 тонна нан өнімін шығарушы «Атамекен-Нан» ЖШС Ақтөбе қаласы мен Қарғалы, Алға, Мәртөк, Қобда,Мұғалжар аудандарын нанмен қамтамасыз етеді. Бірінші сұрыптағы нанға деген тұрғындардың сұранысы жоғары әрі дүкендерде 85 теңгеден сатылуда.

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік азық-түліктерден таршылық көрмеуін қамтамасыз ету, бағаның шарықтауына жол бермеу керектігін жеткізген облыс әкімі Оңдасын Оразалин өзінің орынбасары Аманғали Бердалинге күнделікті қажетті өнімдердің бағасын үнемі қадағалап отыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button