Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандар саны 11 адам болды

Бұл туралы облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы тіркелген науқас 1968 жылы туған. Инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған. 3 сәуірден бастап провизорлық госпитальде оқшауланған. Келесі күні сараптама қорытындысының нәтижесі індет жұқтырғанын көрсетті. Сол күні инфекциялық стационардағы арнайы бокстағы палатаға жатқызылды.

Бүгінгі күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 65 адам жатыр.

Провизорлық госпитальге жұқпалы респираторлық вирусты инфекция (ЖРВИ) белгілері бар 38 адам, облыстың карантин госпиталіне аурумен қарым-қатынаста болған 145 адам жатқызылды.

1 «б» санаты бойынша 834 адам үй карантиніне алынды, эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген 354 адам қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда.

Барлық эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

6 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап Ақтөбе қаласының аумағында карантин режимі енгізілді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button