Жаңалықтар

Блок-бекеттерге туннель орнатылып жатыр

Қазір Ақтөбе қаласында маңызы бар, яғни халық көп жиналатын жерлерге залалсыздандыру туннельдері орнатылып жатыр.

Бүгінгі күні бұндай туннель «Қоныс» спорт сарайы мен «Анвар» гипермаркетінің алдына, теміржол вокзалы және 41-разъезд маңы мен Қобда трассасының аумағындағы блок-бекеттерге қойылды. Қала маңындағы қалған блок-бекеттерге де орнатылады. Сондай-ақ Мәртөк ауданы үш, Қобда ауданы екі туннельге тапсырыс берген.

Қалалық әкімдік қай жерге орнату қажет десе, сонда қоямыз. Осы аптаның соңына дейін оннан аса туннель орнатылады. Қазір өзге өңірлерден де хабарласып жатқандар бар, — дейді осы істі жүзеге асырып жүрген кәсіпкер Хайдар Ильясов.

Аталған туннель індеттің алдын алуға мүмкіндік береді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button