Жаңалықтар

Еріктілер блок-бекеттерге барды

Шалқарлық еріктілер аудан аумағындағы блок-бекеттерде тәулік бойы жұмыс атқарып жатқан полиция және медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп, игі іс жасады.

— Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан барынша шектеу шараларын сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз. Біз, бір топ шалқарлық еріктілер жиналып, ыстық тағамдарымызды алып, блок-бекеттерге баруды ұйғардық. Полиция және медицина қызметкерлерінің тәулік бойы елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін еңбек етіп жатқандарын көрдік. Осындай қиын сәтте ауызбіршілігіміз мықты болса, бұл  қиындықты да жеңіп шығатынымызға сенемін, — дейді еріктілердің бірі Әлішер Нағашыбаев.

Осындай игі шараға Шалқар ауданының кәсіпкерлері де өз үлестерін қосуда.

Айта кетейік, «Bizbirgemiz» республикалық акциясы аясында «AK-NIET» еріктілер тобының бастамасымен әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына азық-түлік пен дезинфекциялау құралдары таратылып, көмек көрсетілді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button