Пікір

Жауапкершілікті терең сезінемін

Нұрлыбек МУСИН,

облыстық «Атамекен» студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасағының төрағасы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығының негізгі мақсаты — халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау.

Өзім де әскер қатарында борышымды өтеп келгеннен кейін, Алматы қаласында бір ай арнайы жиынға қатыстым. Сондықтан бұл жауапкершілікті терең сезінемін. Жиын барысында белгілі бір дәрежеге жетсе, әскери лауазымдар беріліп, жалақы төленеді. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, төтенше жағдай кезінде әскери міндеттілердің көмегі қажет болып жатса, әрине, азаматтық борышымды барып өтеуге дайынмын.

Жыл сайын облыстық «Атамекен» студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен әскери патриоттық шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Белсенді жастар Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерінің үйіне барып, көмек көрсетуде. Патриот, ерікті жастар осылай да өз үлестерін қосып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button