Пікір

Бірлесе бұл қиындықты да жеңеміз

Меңдіхан ӘДІЛХАНҰЛЫ,

«Темір» газеті ЖШС-ның директоры

Президентіміздің Жарлығын орындау — барлық отандастарымыздың басты міндеті. Бірінші байлық — денсаулықты сақтау жауапкершілігі де баршамызда жоғары болуы тиіс. 

Біз, аудандық газет редакциясы, коронавирус туралы тиісті сала мамандарының пікірлерін жариялап, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Мамандардың сақтану жолдары туралы білдірген ескертулерін қатаң сақтасақ, халқымыздың «Сақтансаң сақтаймын» деген қағидасы өз өміршеңдігін көрсетер еді…

Талай қиындықты бастан өткізіп, ауызбіршілікпен жеңген халықпыз ғой. Бірлік болса, індетпен бірлесіп күрессек, бұл қиындықты да жеңеміз.

Темір ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button