Жаңалықтар

Үш жерге жол тосқауылы орнатылды

Мұғалжар ауданы орталығы — Қандыағаш қаласынан басқа бағыттарға шығатын үш жерге жол тосқауылы (блок-бекет) орнатылды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйенсек, тосқауыл орнатылған Ақтөбеге, Ембіге және Сағашилі ауылына шығар жолда арнайы мамандар дамылсыз қызмет етіп тұр.

Үш тосқауыл орны да қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін қажет құралдармен жабдықталған, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері, аудан әкімдігінен 1 маман және санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің 1 маманы,  жалпы бір жол тосқауылында 5 адамнан үш ауысыммен еңбек етіп жүр. Анығы, 30 адам кезекшілікпен жолаушылардың қызуын өлшеп, сауалнама жүргізеді. ⠀
Қазір жол тосқауылдарынан қызметкерлердің тексеруімен тек транзиттік көліктер мен азық-түлік және дәрі-дәрмек тасымалдайтын автокөліктер ғана өтеді.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button