Пікір

Басты тілек — амандық

Ләззат ТІЛЕУОВА,

ардагер ұстаз:

— Мен Қарғалы ауданындағы Сазды орта мектебінде 35 жыл ұстаздық еңбек еттім, қазір зейнеткермін. Қазіргі әлемдегі болып жатқан жағдай ұстаз ретінде менің де қабырғамды қайыстырды.

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған коронавирус індетіне байланысты елімізде жүргізіліп жатқан сақтандыру шаралары туралы айтып, үрейде отырған бізге үміт сыйлады. Зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алатын және атаулы көмек алатын  адамдарға  10 пайыздық индексациялау жүргізілетін болды. Ал осы жағдайға байланысты жұмысына бара алмай отырған және ресми тіркелмей жұмыс жасайтындарға  3 млн теңге  көмек бөлінгені, 800  мың адамға тегін азық-түлік берілетіні де айтылды. Шектеулерге байланысты көптеген адам жұмыстан қалып, табысынан айырылып жатқанда бұл үлкен қолдау.  Мұндай қамқорлық шаралары халықтың еңсесін бір көтеріп тастады.

Бүгінгі күннің батырлары болып отырған медицина қызметкерлерінің көмегімен  сақтандыру шараларын қатаң түрде сақтап, осы індеттен аман-есен айықсақ, біздің басты тілегіміз — осы!  Елдің амандығын ойлап,  жасап жатқан барлық игі істері  үшін бүгінгі күннің батырларына шексіз алғысымды білдіремін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button