Әлеумет

20 отбасына көмек берілді

«Біз біргеміз»

Ақтөбе қаласында  кәсіподақ жастары «Біз біргеміз» ақциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар мен ардагерлерге азық-түлік себеттерін үлестірді.

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар кеңесі игі бастаманы қолға алды. Олар сол арқылы коронавирустық пандемия кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету қажеттігі туралы» Үндеуіне орай «Біз біргеміз» акциясына үлес қосты. Жастар кеңесінің еріктілері көпбалалы, аз қамтылған және жалғызбасты аналармен қатар, зейнеткерлерге, барлығы 20 отбасына қажетті азық-түліктерді ұсынды.

Онымен қоса, жастар кеңесінің мүшелерімен COVID-19 вирусының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпараттық парақшалар  таратылды.

Өз кезегінде сый-құрметке ие болғандар кәсіподақ жастарына алғысын білдірді. Ал волонтерлер адамдар көп жиналатын орындарға бармай, үйде болуға кеңес берді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button