Жаңалықтар

Блок-бекет: құқықбұзушылықтар жоқ

Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров пен Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов жұмыс барысымен блок бекетте кездесті.

Көршілес екі ауданның басшысы «Ақтөбе-Атырау» тас жолының 200-шақырымында орналасқан «Кенжалы» блок бекетінің тынысымен танысты.

Кездесуде аудан әкімдері төтенше жағдай кезінде атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ олар шара барысында өзара тәжірбие бөлісті. Жиын қорытындысында қос тарап бекет жұмысын одан әрі күшейтіп, бірігіп жұмыстар атқару туралы келісім жасады.

Айта кету керек, қазір Байғанин ауданында жалпы екі блок-бекет жұмыс жасап тұр. Біріншісі Темір ауданының шекаралас тұсына орнастырылса, екіншісі Ақтөбе-Атырау тасжолының 300 шақырымына, яғни Қопа ауылдық округі мен Атырау облысының шекарасы маңында орналасқан. Қос бекетте де интернет желісі қарқынды жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ қызметкерлердің барлығы да QR-kod озық технологиясы арқылы жұмыс жасап жатыр. Бекеттерде әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген жоқ.

Ернұр МӘТЖАН,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button