Денсаулық

Сақтандыру жүйесі: жеңілдік кезеңі ұзартылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмаған азаматтарға  медициналық көмекті алу құқығының ұзартылғандығын хабарлайды. 

Сақтандыру қорына жарна аудармаған, яғни сақтандыру мәртебесі анықталмаған азаматтар 1 шілдеге дейін медициналық көмекті ала береді. Бірақ сәуір айынан бастап сақтандыру жүйесіне көшу үшін қажетті дайындық жұмыстары жүргізіле береді. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті.

Қазір елімізде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуық адам әлеуметтік осал топқа жатады. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Осылайша халықтың жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазіргі жағдайда сақтандыру мерзімі ұзарып отыр, яғни бірінші шілдеге дейін сақтандырылмаған азаматтар сақтандыру мәртебесін анықтап, жарна төлеп, жүйеге енуі тиіс.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button