Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған төртінші адам тіркелді

Бұл туралы облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мен облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы мәлім етті.

Төртінші науқас Мәскеуде іссапарда болған. 25 наурыз күні Орынбор қаласы арқылы таксимен Ақтөбеге жеткен. Дәрігерлер бақылауға алған. 27 наурызда індеттің алғашқы клиникалық белгілері байқалған. Алайда зертханалық сынама қорытындысынан коронавирус анықталмаған. Бүгін қайта тексерген кезде оң нәтижені көрсеткен. Қазір науқас арнайы бокста жатыр. Оның отбасы мен жақындары облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар науқаспен байланысқа түскен адамдар да дәрігерлердің бақылауында.

Тікелей эфир соңында басшылар тұрғындарға себепсіз көшеге шықпау керектігін ескертті.

Айта кетейік, індет жұқтырған үшінші адам да шетелден келген болатын. Египетте демалған ақтөбелік 19 наурыз күні Алматыға келген. 20 наурызда Ақтөбеге жетеді. Науқастардың барлығы оқшауланған. Ем алып жатыр.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button