Жаңалықтар

Іскер әйелдер қашанда игі істің басында…

Ақтөбенің іскер әйелдері «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына бір кісідей атсалысып жатыр. Кеше олар Ақтөбедегі 70 аз қамтылған отбасы мен жалғызбасты қарияларға көмек көрсетті.

Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы өңірдегі өзіндік орны бар ұйымға айналды. Шағын және орта бизнесті дамытумен бірге қайырымдылықты қатар алып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген бастамалары көптеген ақтөбеліктер үшін үлгі. Бұған дейін де түрлі акциялардың басы-қасында жүрген бизнестегі бикештер елдегі жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акция аясында миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пакеттері мен гигиеналық құралдарын апарды.

Бүгінгі таңда облыстық іскер әйелдер қауымдыстығы қатарында 70-ке жуық кәсіпкер әйел бар. Ал қауымдастық жанынан құрылған «Жас қанаттар» ұйымына 30 кәсібі бар қыз-келіншек тіркелген. Біздің қыз-келіншектер бұған дейін де түрлі акцияларға белсене қатысып жүр. Бұл жолы жағдай басқаша. Елдегі ахуалды көріп, тағы да бір жағадан бас шығаруды жөн санадық. Акцияға әркім қолынан келгенінше ақшалай қаражат жинап, тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қажетті азық-түліктер мен гигиеналық құралдарын сатып алдық. Біз қай кезде болмасын біргеміз, — дейді облыстағы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Күлшат Масалимова.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button