Әлеумет

Кәсіпкердің үлесі

Тәуіп ауылдық округінің тұрғыны, кәсіпкер және Nur Otan партиясының белсенді мүшесі Октябрь Ипанов елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты өзі тұратын ауылдық округке дене қызуын өлшейтін құрал — пирометр алып берді.

Аты жаман індеттің тезірек жойылып, тұрғындардың бұрынғыдай қалыпты өмір сүргенін қалаймын. Сол себепті осы аурумен күресуге аз да болса өз үлесімді қосқым келді. Ауданда құрал-жабдықтар жеткілікті болса да, пирометр дәл қазіргі жағдайда қажет деп ойлаймын, — дейді ол.

Октябрь Ипанов сияқты бірқатар кәсіпкерлер қазір індетпен күресуге өз үлестерін қосып, аудандағы мұқтаж отбасыларға көмектесуде. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шаралары жалғаса бермек.

 Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button