Пікір

Балаға қамқорлықты күшейтіңіз

Әдемі Демеуова,
«Аяла» балаларды оңалту орталығы бас дәрігерінің орынбасары.

— Короновирус індетінің таралуына байланысты Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы әлемде пандемия жариялады. Әлем бойынша короновирусты жұқтырғандар мен осы дерттен көз жұмғандар арасында, салыстырмалы түрде алғанда, балалардың үлесі төмен, бірақ бұдан короновирус балалар мен жастар үшін қауіпсіз деген қате ұғым туындамауы керек. Балалар арасында короновирустың таралуының төмендігі көп жағдайда олардың түрлі жұқпалы ауруларға қарсы уақытылы екпе алатындығымен байланысты болса керек деп болжаймыз. Дегенмен бұл қамсыздыққа бой алдыруға негіз болмауға тиіс. Қазір көктемнің уақыты, иммунитет әлсірейтін шақ. Сондықтан, әсіресе, балаларға айрықша қамқорлық, күтім керек. Оларды көшеге шығармаңыз, қонаққа апармаңыз. Күнделікті тамағына, уақытын жақсы өткізуіне міндетті түрде көңіл бөліңіз.
Оның үстіне, ата- аналарының қарсылығы себепті екпе алмаған, түрлі созылмалы дерттерге, диабетке шалдыққан балалар бар. Біз, дәрігерлер, оларға ерекше алаңдаулымыз.
Жұқпалы індеттен сақтануға байланысты дәрігерлердің ақыл- кеңестерін түгелдей орындап карантин кезінде үйден шықпау өте маңызды. Қозғалысты шектеуге бағытталған шаралардың бәрі ең алдымен адамдардың денсаулығы, қауіпті індеттің кең таралмауы үшін жасалып жатыр, сондықтан бұған түсіністікпен қарау қажет.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button