Жаңалықтар

СALL-орталыққа 1314 сұрақ түсті

Қазіргі күні облыс және Ақтөбе қаласы аумағына жүк көліктерінен басқа техника түрлері шекарадан кіргізілмейді. Әуе қатынастары бойынша барлық рейстер тоқтатылды.

Облыс әкімі жанындағы жедел штабтың мәліметіне сәйкес, магистралдық 13 блок-бекет 31 наурыз күні 00:00 сағатта қызметін бастады.

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты әрі аймақтағы шектеу шаралары кезінде сall-орталық (906-606) жұмыс жасайды.

Бүгінгі күні осы орталыққа тұрғындардан 1314 сұрақ түскен. Түскен сұрақтардың барлығы әрбір салаға қатысты тиісті басқарма басшыларына, сондай-ақ қала мен  аудан әкімдеріне шара қолдану үшін жолданған.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button