Жаңалықтар

Бейнетүсірілім жасағаны үшін бейнетке қалды

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері аймақта 67 тәртіп бұзушылық дерегі анықталды. Облыс әкімдігі жанындағы жедел штабтың мәліметіне сәйкес, көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтардың иелері түрлі әкімшілік жауапқа тартылды.
Атап айтқанда, «Г» есімді азаматша Мәртөк ауданындағы Жайсаң көпсалалы колледжінің интернат ғимаратында, яғни жергілікті атқарушы орган шектеу орны ретінде белгілеген жерде, Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағының 4-тармақшасын бұзып, өзінің ұялы телефонынан бейне түсіруді жүзеге асырған. Содан соң Instagram әлеуметтік желісіне бейнетүсірілім салып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 7-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Құқық бұзушы кінәсін мойындап, бейнетүсірілімге тыйым салынғанын білмеген.

30 наурызда Мәртөк аудандық сотында «Г» есімді азаматша ӘҚБтК-нің 476-бабының 7-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26510 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button