Басты жаңалықтар

Алаңдауға негіз жоқ, азық-түлік қоры жеткілікті

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Асхат Шахаров «Дина» гипермаркетінде болып, әлеуметтік және отандық азық-түлік бағаларының тұрақтылығына көз жеткізді. Ал шетелден келетін өнімдер бағасында өсім байқалады, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

— Облыс аумағында шектеулер енгізілгенімен, азық-түлік дүкендері, дәріхана, банктер жұмыстарын жалғастыра береді. Ақтөбеліктердің алаңдауына еш негіз жоқ. Азық-түлік қоры жеткілікті, — деді гипермаркет жұмысымен танысқан өңір басшысы.
Айта кетейік, бүгінде облыстың азық-түлік қорында 3605 тонна картоп, 670 тонна пияз, 970 тонна макорон өнімдері, 892 тоннадан аса қырыққабат, сондай-ақ көкөніс, жеміс-жидек, ұн, өсімдік майлары, жұмыртқа секілді өнімдер бар.
Бұдан соң облыс әкімі «Дина» гипермаркетінің алдына қойылған залалсыздандыру құрылғысымен танысты. Жеке кәсіпкер Хайдар Дулатовтың айтуынша, сауда орнына келген тұтынушы осы туннель арқылы өтіп, залалсыздандырылады. Хайдар Дулатов бұл жұмысын Түркия мемлекетінің мамандары жүзеге асырған тәжірибеге сүйене отырып жасаған. Жергілікті материалдар арқылы құрастырған. Өңір басшысы қала әкіміне аталған құрылғының санын арттырып, қаладағы әрбір азық-түлік сауда орындарының алдына орналастыруды тапсырды.
Айта кетейік, қалада азаматтар көп жүретін қоғамдық орындар мен супермаркеттердегі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге Ұлттық ұлан сарбаздары да ат салысуда. Бүгін олар аталған гипермаркеттің автотұрағы мен ғимарат сыртына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button