Жаңалықтар

Шаштараз Гүлмира

Қарғалы ауданы

 Гүлмира Тойбазарованың бес баласы бар. Үлкені студент.  Өзінің тұрақты жұмысы жоқ. Күйеуі вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Балалардың тамағы мен киім-кешегіне қыруар ақша керек. Ал отбасындағы жалғыз адамның табысы жетпейді.

— Жеке мекемелерде жұмыс жасадым. Бірақ  еңбекақым аз болды. Балаларды асырау үшін бос отырмау керек. Шаштараз ісін үйреніп алдым. Былтыр көктемде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бір ай оқыдым. Күзде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 500 мың теңге грантқа ие болдым. Шаштаразға қажет құрал-жабдықтың бәрін сатып алдым. Қазір аудан орталығы Бадамшада бір бөлмені бірнеше әріптесіммен бірігіп жалға алып отырмын. Келушілер өте көп. Бадамшаның өзінде бес мыңға жуық халық тұрады. Ауылдан келетіндер бар. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар да келіп шаш қидырады. Шүкір, табыс бар, — дейді Гүлмира.

Гүлмираның алға қойған жоспары көп. Болашақта ісін кеңейтуді көздейді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button