Жаңалықтар

Фаризаның орталығы

Темір ауданы

Темір ауданының Қопа ауылында тұратын Фариза Мұратова ауылда «Дарынды бала» оқу орталығын ашып отыр. Фариза жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, алғашқы еңбек жолын ауданның Еңбекші ауылынан бастайды. Екі жылдан кейін Қопа ауылына тұрмысқа шығып, жұмыстан босап қалады.

Еңбектенген адамға іс табылады. Үйде бос отырғым келмеді. «Еңбек» бағдарламасы арқылы грант алып, кәсіп ашуды ойладым. Тиісті орындарға бизнес жобамды ұсындым. Нәтижесінде 485 мың теңге грантқа ие болдым. Алған қаржыға оқу орталығына қажетті үстел мен қағаз-қалам сатып алдым. Қазір үйімнің бір бөлмесінде балаларды оқытамын. Бастауыш сынып оқушыларын даярлаймын, — дейді Фариза.

Қопа шағын ауыл болғанымен орталыққа келетін балалардың саны аз емес. Бұған дейін ата-аналар балаларын Шұбарқұдықтағы оқу орталықтарына апарса, қазір Фаризаға әкеледі.

Мәселен, қазақ  тілінен, математикадан сабақ үлгерімі қиындап, төмен баға алып жұрген балалардың ата-аналары хабарласады. Оларға қосымша сабақ беремін. Баланың сабақтан тыс уақытта дайындығын қадағалап, үлгерімі жақсы оқушылардың қатарына қосылып кетуіне көмектесемін, — дейді Фариза.

Орталықта балалардың ой-өрісін дамытатын сабақтар да жүреді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button