Жаңалықтар

Ақнұрдың кәсібі

Шалқар ауданы

Шалқар қаласында тұратын  Ақнұр Мирамбек «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп отыр.

Былтыр Жастар жылы аясында 500 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болыпты. Үйде жұмыссыз отырған келіншек аудандық жұмыспен қамту бөліміне барып, жаңа бизнес ашу туралы ойын айтады. Сол жердегі мамандар Ақнұрға аталған бағдарламаға қатысып көруге кеңес береді. Қандай істі де алып кететін Ақнұр «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқиды. Кәсіпті қалай бастап, іс қағаздарын қалай жүргізу керек, бизнес жоспарды қалай құру керектігін үйренеді. Нәтижесінде грантты ұтып алады. Ақшаны алғаннан кейін ойып тігетін арнайы іс машинасын сатып алады. Сөйтіп кәсібін бастап кетеді. Жұмсақ ойыншық, адам аттары жазылған сүлгі, түрлі мерекелерге арналған сыйлықтар әзірлейді. Қазір Шалқар қаласының тұрғындары Ақнұрға тапсырыс береді.

— Жұмыссыз үйде отырған ана үшін грантың көмегі көп. Алғаш ақша қолымызға тиіп, істі бастаған кезде қуанышымда шек болмады. Қазір коронавирусқа байланысты тапсырыс  түспей тұр, — дейді Ақнұр.

Іскер келіншек болашақта кәсібін кеңейткісі келеді. Үлкен шеберхана ашу ойында бар.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button