Басты жаңалықтар

Блок посттарда бақылау күшейтілді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе-Атырау» тас жолы бойындағы Алға бағытының 12 шақырымында орналасқан бекетте болып, тәулік бойы жұмыс атқарып жатқан қызметкерлермен кездесті -деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жол бойындағы блок посттарда бақылау күшейтілді. Облыстық полиция департаментінің мамандары рұқсатнама арқылы өткен көліктерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік көлік нөмірлерін тіркеуде. Медицина мамандары жүргізушілердің қызуларын өлшеп, тексеруде.

Бүгінде осы жағдайларға байланысты жол бойында кезек күткен көліктер саны артқан. Облыс басшысы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиевке көлік кептелісін азайту үшін рұқсатнамасы бар көліктерді мейлінше тезірек өткізуді сондай-ақ, көлік жүргізушілеріне сыпайы қызмет көрсетіп, әрбірінің жағдайына түсіністікпен қарауды тапсырды.
Сондай-ақ облыс әкімі Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровпен 41 разъездегі көкөніс сатумен айналысатын «АгроОптСервис» ЖШС көтерме сауда базарында болып, бағаның тұрақтылығын, қауіпсіздік шараларын тексерді. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай көкөністер Қостанай, Орал, Петропавл қалаларынан тасымалданып жатқанын, көкөніс қорының жеткілікті екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button