Әлеумет

57 отбасына 1 млн 140 мың теңгеге көмек көрсетілді

Бүгінгі күні ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекциямен стационарлық карантинде жатқан адам жоқ.  

Қазіргі таңда облыс аумағында 31 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілгеніне байланысты жан-жақты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағымен өтетін Самара-Шымкент тасжолының бойында жолаушылар медициналық бақылаудан өткізілуде. Тұрғындардың медициналық маскалармен қамтамасыз етілуі мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Бүгінге дейін ауданда аз қамтылған 57 отбасына 1 млн 140 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Мекеме-кәсіпорындарда, көшелерде, қоғамдық көліктер мен аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ ауданда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті. Облыстық тұрақтандыру қорынан бірнеше азық-түлік түрі арзан бағамен әкелініп, тұрғындарға ұсынылуда.

Аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мекеме-кәсіпорын басшылары инстаграм желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып отырады. Осы уақытқа дейін тікелей эфир арқылы мекеме басшыларына 106 сұрақ қойылып, тиісті жауаптар берілген.

Аудан әкімдігінде тұрғындарға Call-орталық (8-71343-21-6-86) жұмыс жасауда.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button