Әлеумет

Тегін таратты

Әйтеке би ауданы әкімдігінің бастамасымен еріктілер тобы медициналық бетперде тігіп, оларды көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін таратты. 

Мәселен, Талдысай ауылындағы  кәсіпкер Гүлсім Тұрмағамбетова,  зейнеткер Роза Машева, кітапханашылар мен әлеуметтік қызметкерлер тұрғындарға  бетпердені тегін тікті. Сондай-ақ  Комсомол ауылдық округінің ұжымы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға  азық-түлік жеткізіп берді. Жеке гигиеналық құралдар, бетперде секілді бұйымдарды тегін таратты.

Ауданда бұндай қайырымдылық шаралары әлі де жалғаса бермек.

К.ҚОПАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button