БілімБасты жаңалықтар

Ақтөбелік мамандар интернетсіз қашықтан оқыту жүйесін ұсынды

Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Алға ауданы Бестамақ ауылындағы орта мектепте болды. Аймақ басшысы білім ордасындағы қашықтан оқытуға арналған жұмыстардың дайындығымен танысты.

Аталған мектепке ақтөбелік IT саласы мамандары радиобайланыс жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізген.

Радиобайланыс жүйесі интернеті жоқ ауылдар үшін таптырмас құрал болып отыр. Еліміз бойынша алғаш рет жүзеге асырылған пилоттық жүйе оқушылардың қашықтан білім алуына мүмкіндік береді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин радиобайланыс арқылы оқушылармен тілдесіп, байланыстың сапалылығына көз жеткізді.
«Балалар, сіздер 6-сәуірден бастап қашықтан оқуды бастайсыздар. Сіздердің сапалы білім алуларыңыз үшін біз бар мүмкіндікті жасаймыз. Елімізде қандай жағдай болмасын жастар біздің болашағымыз екенін ұмытпаймыз», – деп, өңір басшысы балаларға Сovid-19 індетіне байланысты қашықтан білім алуға тура келетіндігін түсіндірді.
Аудан әкімі Мамырғали Аққағазов аудандағы Болгарка, Сарықобда, Амангелді, Қарабұлақ мектептеріне осы байланыстың аса қажет екендігін жеткізді.
Облыс әкімі IT мамандарға білім басқармасымен біріге отырып, облыс бойынша мұндай радиобайланыстың қанша ауылға қажет екенін анықтауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button