Басты бет » Жаңалықтар » Қонаққа баруды шектеу керек!

Қонаққа баруды шектеу керек!

ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел адамға қатысты пікірін білдірді: «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды», — деп жазды президент.
Белгілі болғандай, Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қосшы ауылында тұрған марқұм әйел Алматыға және Шу қаласына барған. Ақмола облысы әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, ол Алматыда құдалықта болып, одан кейін Шу қаласына қонаққа барған. Ол осы сапарларына барлығына поезбен барған.
Бұл жайт бізге үйде отырудың маңыздылығын, қонаққа, той-садақаға бармау қажеттігін көрсетеді. Үйде болайық.