Басты бет » Жаңалықтар » Алға ауданында алаңдаушылық жоқ

Алға ауданында алаңдаушылық жоқ

Ауданда жедел штаб құрылып, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерге бекітілген жауапты басшылар төтенше жағдайға байланысты аудандағы барлық 19 ойын-сауық, қоғамдық тамақтану орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бақылау жасады.
Осының нәтижесінде көпшілік отбасылық және әр түрлі той-садақа өткізуге қызмет жасайтын 4 мейрамхана, 9 дәмхана жұмыстарын талапқа сай тоқтатты. Ал азық-түлік дүкендерінің жұмыс кестесіне қазіргі таңда ешқандай шектеу жоқ.
Аудандағы 29 мектеп, 12 бала-бақша, 11 мәдениет нысаны, 108 көп қабатты үйдің 76-сына, «Алға-Ақтөбе», «Тоқмансай-Ақтөбе», «Есет-батыр-Алға», «Есет батыр-Ақтөбе», «Маржанбұлақ-Ақтөбе» қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 27 автобусқа және такси қызметіне ресми түрде тіркелген 52 автокөлікке, «Алға», «Бестамақ», «Тамды» теміржол станцияларына ережеге сәйкес бекітілген кесте бойынша дезинфекция жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр.
Қазір Алға қаласының аумағында 2 стационарлық кіру-шығу пункттері және ауылдық округтерде 18 периметрлік пост орындары белгіленді. Қажетті жағдайда бұл бекеттердің жұмысын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті құрылыс материалдары, арнайы техника, адам күші тізімі жасақталды. Бекеттерде полиция, әкімшілік, медицина жєне санитария қызметкерлерінің жеке құрамы қорғану құралдармен, коронавирусқа қарсы препараттармен жєне дезинфекция жасау құралдармен жабдықталды.
Оған қоса түрлі қорғану киімдеріне дезинфекция жасауға арналған 2 бірлік гидропульт, 42 ранец,1 ДУК автокөлігі және көшелерді дезинфекциялауға жарайтын 2 арнайы автокөлік дайын тұр. Ауданға азаматтардың дене қызуын дер кезінде айқындайтын 5 тепловизор қажет, бүгінгі таңда 1 перометр сатып алынды.
Тұрғындарға 1252 дана әр түрлі жадынама таратылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу мақсатында және қымбатшылыққа жол бермеу үшін Алға қаласы және барлық 12 ауылдық округтерге аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы мониторингтік топтар жасақталып, азық- түлік, дәрі-дәрмек қорына талдау, түгендеу және бағаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жеткілікті азық-түлік қоры бар. Тұрғындарды төменгі баға бойынша ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «Актеп» ЖШС 300 тонна сиыр етін, «Аққұс» ЖШС 36 тонна қсс етін резервте ұстап отыр.
Төтенше жағдай режиміне байланысты қашықтықтан жұмыс жасау қағидатына сәйкес казіргі таңда 3406 қызметкердің 1361-і қашықтықтан жұмыс жасап отыр. Аудан бойынша балабақшаға баратын 1740 бүлдіршіннің бүгінгі таңда тек 343-і ғана барып жүр.
Аудан тұрғындарын бетпердемен қамтамасыз ету көрсеткіші қазір 70 пайызға жетті. Аптасына үш рет аудандағы дәріхана желісіне 3 мыңнан 5 мыңға дейін бетперде жеткізіліп отыр, бірақ бұл жеткіліксіз. Сол себеппен аудандағы көп ұжымдар, білім беру мекемелері өз мамандарына, отбасы мүшелеріне өздері бетперде тігуді ұйымдастырып, іске асырып жатыр. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Алға қаласында 5 жеке кәсіпкер және барлық ауыл тұрғындары өз қолдарымен көп мезгілде пайдаланатын бетперде тігу жұмыстарын қолға алды, егер карантин режимі енгізілсе мұқтаж азаматтарға тегін беру үшін қажетті бетперде қоры жинақталуда .
Алға қаласындағы темір жол вокзалына республиканың басқа аймақтарынан және шетелден келіп жатқан жолаушыларды күтіп алып, олардың дене қызуын өлшеп, қоғамдық жерде және отбасында санитариялық және гигиеналық талаптарды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жасау үшін арнайы топ құрылып, бұл жұмыстар қазір жүйелі түрде атқарылып жатыр. Қазіргі таңда біздің аудан бойынша отбасында өзін-өзі оқшаулау режимінде 10 жерлесіміз бар және олардың көңіл-күйі жақсы.

Б.КАНГОЖИН,
Алға аудандық жедел штабтың үйлестірушісі.