Әлеумет

Біз біргеміз!

16-наурызда жалпы ел бойынша төтенше жағдай жарияланғаннан бері көптеген мүгедек адамдар үйлерінде отыр. Бұрыннан да көбінің қозғалыс мүмкіндіктері шектеулі болған, енді тіпті жіпсіз байлануда.
Өмірлік қиын жағдайда мүгедектер отбасына қолдау көрсету үшін «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» және қор жанынан құрылған «Д.А.Р» волонтерлар клубымен бірге 200 мың тг.көлеміндегі қаражатқа қиын кезеңде қажет болар деп азық-түлік қорын жасақтап қойған.
«Д.А.Р» волонтерлар клубының мақсатты тобы мүгедек адамдар болғандықтан жинақтарды жеткізу қызметін де волонтерлар атқарады.
«Олармен байланыс жасау үшін вацап желісін пайдалану тәжирибесі бұрыннан бар. Бұрыннан вацап топтарға, хабарландыру, құлақтандыру мақсатында, түрлі ақпараттар жіберіп келетінбіз.
Ендігі жерде мүгедектігі бар азаматтарды бірлікке, шыдамдылыққа, төзімділікке және өзара көмекке шақырып жатырмыз. Азық-түлікке мұқтаж адамдар бізге өз беттерімен хабарласып, жағдайларын айта бастаған кезде, осындай сұранымдар бойынша, арнайы тізімдер құрылып, азық-түлік жинақтары волонтерлар көмегімен үйлеріне жеткізілуде.

Тізімге тіркелген мұқтаж адамдар – қиын жағдайдағы мүгедектер, тыл еңбеккерері мен ардагерлер, аз қамтылған отбасылар.
Волонтерлар жеткізу барысында контактіге жол бермейді, яғни тек телефон арқылы байланысады. Пәтердің түймесін қағазбен басып, есік алдына пакетті қойып кетеді. Телефонмен хабарласып, пакетті алғандары туралы нақтылаймыз.
Наурыз мейрамына 50 отбасына азық-түлік пен ет таратсақ, енді тағы да тізімдерге тіркеп жатырмыз. Бүгін-ертен волонтерлар таратады.
Сонымен қатар үйде отырып тігін тігуден мүмкіндіктері бар волонтерлар маска тігіп жеткізуде, тарату барысында да басты назар мүгедектер отбасыларына аударылып отыр»,- деді аталған клуб үйлестірушісі Гаухар Жұмағазиева.
Сонымен қатар «Д.А.Р» клубының СПОРТИКИ тобының спорттық волонтерлары, спортшы мүгедек азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, онлайн түрде бірге жаттығулар жасайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button