Басты бет » Жаңалықтар » Жайсаң өткізу бекетінде инфекцияға тексеріледі

Жайсаң өткізу бекетінде инфекцияға тексеріледі

Елімізде енгізілген  төтенше жағдайларға байланысты Мәртөк ауданының басшылығы жергілікті тұрғындарды балаларын үйде ұстап, көпшілік орындардан алшақ болуға және жеке бас гигиенасын сақтауға шақырады.

Мәртөк ауданының Ресей Федерациясына барып келген тұрғындары  үй жағдайында 13 тәулікке оқшауландырыла бастады. Ал Жайсаң өткізу бекетінде Ресейден келгендер коронавирустық инфекцияға талдау жасау үшін 1 күнге карантиндік стационарға жіберу де қолға алынды. Осы мерзім ішінде ауру белгілері болмаған жағдайда келуші үйіне жіберіледі.

Қазір Мәртөк  ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар  Мәртөк ауылында қолданылған бетперделерді жинауға арналған алты арнайы жәшік қойылды.

Б.БАЛЫМОВА.