Басты бет » Жаңалықтар » Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Ырғыз ауданы әкімдігі барлық мүдделі органдармен қарқынды жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Төтенше жағдайға байланысты құрылған аудандық комиссия күн сайын отырыс өткізіп, қалыптасқан ахуалды талқылап, мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктейді. Осы орайда

комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Н.Қызбергенов бастаған жұмыс тобы жол бойындағы дәмханалар мен кемпингтерде болып, коронавирустың алдын алу мақсатында ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған бағытта сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық орталық ауруханасының жанынан құрылған «Мейірім» волонтерлік тобының ұйымдастыруымен аудан тұрғындары көп шоғырланатын аймақтарда, атап айтсақ, «Жарқынай» сауда орталығында, көшелерде, аудандық пошта бөлімшесінде, халыққа қызмет көрсету орталығында індеттің алдын алу мақсатында ақпараттық бүктемелер таратылды.

Тұрғындарға гигиеналық талаптарды сақтау және бетперде тағып жүру керектігі туралы түсіндіру жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Д.ҚАЗИХАН.

Ырғыз ауданы.