Басты бет » Жаңалықтар » EGOV.KZ арқылы мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын алуға болады

EGOV.KZ арқылы мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын алуға болады

Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаны белгілі. Дегенмен, бүгінде мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады.
«Сондай-ақ, бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, Телеграм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн-қызметтер саны артады. Мұнан бөлек 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейне байланыс арқылы да қолжетімді «Сонымен бірге, 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады. Одан кейін, әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде жасайды. Құжаттар қолма-қол беріледі», — деді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.