Әлеумет

Кірісін жоғалтқан азаматтарға қаржы Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында Төтенше жағдай енгізу салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға төленетін қаражат мәселесі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы бүгін шығатынын айтты:
— Бұйрықта төтенше жағдайлар кезіндегі әлеуметтік төлемдердің берілу ережесі көрсетіледі. Қайталап айтамыз, бұл төлемдер Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді. Төлем екі түрлі болады. Біріншіден, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға – айына 42 мың теңге төленеді. Бұл ұсақ, шағын және орта бизнестің қызметкерлеріне қатысты. Олар кейінгі жылы мемлекеттік қорға 3 рет аударым жасауы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді. Төлемдердің екінші түрі – жұмыстан шығып қалғандарға қатысты. Олар төлемдерді 1 айдан 6 айға дейін алады. «Төлем көлемі айлықтың 40%-ына тең болады. Өтінім беру үшін жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет. Арызды онлайн беруге болады», — деді Дәурен Абаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button