Жаңалықтар

Ипотекалық төлемдер үш айға кейінге шегеріледі

«Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, еліміздегі төтенше жағдай кезінде тұрғындарға қолдау көрсетпек.  

Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) төтенше жағдай кезінде мемлекеттік және жеке бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырып отыр.

«Мемлекет басшысының 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтқан тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары алдағы 3 айға (сәуір-маусым) негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау /сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) мәмілелері бойынша төлемдер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

Төлемді кейінге қалдыру жөніндегі өтінішті мемлекеттік операторларға қашықтықтан байланыс жасау арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы  беруге болады. Тұрғындардың өтініші жеке тәртіп бойынша қаралады», — делінген акционерлік қоғамның ресми сайтында.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар call-орталықтарға хабарласа алады: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

Мейрамгүл  РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button