Жаңалықтар

Жалған ақпарат және қатаң жаза

Ақтөбеде жалған терроризм жасады деген күдікпен 25 жастағы ақтөбелік азамат ұсталды.
23 наурыз күні сағат 08.35-те Алматы қаласының полиция департаментінің «102» телефонына белгісіз адам «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС call-орталығы арқылы қоңырау шалып, теміржол вокзалына жарылғыш зат орнатқанын хабарлады. Ақпарат дереу Алматы қаласының жедел қызметтеріне берілген.

Тексеру барысында Алматы қаласының полиция департаменті қызметкерлері жоғарыда көрсетілген абоненттік нөмір Ақтөбе қаласы тұрғынының атына тіркелгендігі және қоңырау шалу кезінде оның Ақтөбе қаласында болғаны анықталды.
Өз кезегінде оңтүстік астананың полицейлері ақтөбелік әріптестерімен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 25 жастағы ақтөбелік азаматты ұстады. Жас жігіттен «Нокиа» маркалы кнопкалы телефон, «Самсунг Галакси» маркалы ұялы телефон, «ТР-Link» маркалы модемі бар жүйелік блок, «Каспий Голд» банк картасы алынды. Жиналған дәлелдемелермен күдікті ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының  уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 54-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі адамның қатаң түрде жауапкершілікке тартылатындығын  хабарлайды.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button